Мемлекеттік қолдау туризм саласындағы кәсіпкерлікті дамытуға арналған

Май 30, 2025 / 04:53

Республикада Туризм және спорт министрлігі туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдаудың бірнеше түрін ұсынады. Бұл шаралар туристік өнімдердің сапасын арттыру мен ішкі және келу туризмін дамытуға бағытталған. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген қолдау түрлері кәсіпкерлер мен әлеуетті инвесторлар үшін тиімді мүмкіндіктерді ұсынады.

Келу туризмімен айналысатын отандық туроператорларға шетелдік туристі тартқаны үшін әр туристке 15 000 теңге субсидия төленеді. Алайда, туристің елде кемінде 4 күн, 3 түн болуы және eQonaq жүйесінде тіркелуі қажет. Ал ішкі туризмді ынталандыру мақсатында 18 жасқа дейінгі балалар үшін ел ішінде ұшу тегін. Ол үшін тек ішкі туризм нарығында қызмет көрсететін туроператордан тур сатып алу қажет, ал әуе билеттері 100% субсидияланады.

Мемлекеттік қолдау туризм саласындағы кәсіпкерлікті дамытуға арналған

Сондай-ақ, кәсіпкерлерге аспалы жолдар мен қар тазалау техникаларын сатып алуға 25% шығын өтеледі. Мотельдер, жанармай құю станциялары және жөндеу пункттерін салу барысында жұмсалған 10% шығындар мемлекет тарапынан өтеледі. Туристік аймақтарда санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстау үшін ай сайын 83 300 теңге субсидия беріледі.

Туристерге қажетті бағыттарда жаңа нысандарды салу немесе қайта жаңғырту үшін де 10% субсидия қарастырылған. Сыйымдылығы 8 орыннан асатын автобустар сатып алу үшін 25% шығын өтеледі, бұл техника кемінде 5 жыл бойы туристік мақсатта пайдаланылуы тиіс.

Осы қолдау шараларының барлығы ішкі туристер ағынын көбейтуге, кәсіпкерлердің туристік өнімдерін дамытуға және инфрақұрылымды жақсартуға мүмкіндік береді.

По материалам: atr.kz