Қазақстанда туризмді қолдау шаралары мен кәсіпкерлерге берілетін мемлекеттік көмектер

Июн 9, 2025 / 07:56

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі кәсіпкерлер үшін мейлше тиімді мемлекеттік қолдау шараларын ұсынып отыр. Бұл қолдаулар негізгі үш бағытқа - туристік өнімдердің сапасын арттыру, ішкі және келу туризмін дамытуға арналған.

Министрліктің ақпаратынша, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 7 түрлі мемлекеттік қолдау механизмі енгізілді.

Қазақстанда туризмді қолдау шаралары мен кәсіпкерлерге берілетін мемлекеттік көмектер

Келу туризмімен айналысып жатқан отандық туроператорларға шетелдік туристерді тарту бойынша әр келген турист үшін 15 000 теңге субсидия төленеді, алайда, бұл үшін туристің елімізде кемінде 4 күн, 3 түн тұрақтап, eQonaq жүйесінде тіркелуі талап етіледі.

Ішкі туризмді дамытудың басым бағыттарының бірі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін ұшу қызметі. Бұл арнайы шартқа сәйкес, балалардың саяхаты үшін сатып алынған әуе билеттерінің құны 100%-қа субсидияланады.

Азаматтарға шетелдік деңгейдегі қызметтер көрсету үшін кәсіпкерлерге аспалы жолдар, қар тазалау техникасы, жасанды қар жабдықтары сияқты инвестициялар бойынша 25% шығын өтеледі. Сонымен қатар, мемлекет мотельдер, жанармай құю станциялары, тамақтану орындары, дәріханалар секілді қызмет көрсету нысандарына жұмсалған шығындардың 10%-ын өтейді.

Туризмге арналған санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстау үшін ай сайын 83 300 теңге көлемінде субсидия берілетіндігі де маңызды.

Туристік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған нысандардың салынуына арналған шығындардың 10%-ы, ал сыйымдылығы 8 орыннан асатын автобустарды сатып алу бойынша шығындардың 25%-ы мемлекет тарапынан субсидияланады. Аталған қолдау шаралары кәсіпкерлерге туризм саласын дамыту үшін, инфрақұрылымды жақсартуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Осылайша, мемлекеттік қолдау механизмдері ішкі туристік ағымның артуына, жаңа жобалардың жүзеге асырылуына және саладағы кәсіпкерліктің белсенділігін нығайтуға ықпал етеді.

По материалам: atr.kz