Атырау облысындағы лотос гүлдері мен экотуризмнің болашағы

Янв 14, 2025 / 16:57

Атырау облысының Құрманғазы ауданында лотос гүлдерінің өсетіні, аймақтың табиғи құндылығын айқындайды.

Бірақ, лотос гүлдену кезеңінде туристер үшін инфрақұрылым мен қызмет көрсету жүйесінің жетіспеушілігі проблемалық мәселе.

Атырау облысындағы лотос гүлдері мен экотуризмнің болашағы

Облыстық мәслихат депутаты Нұрлыбек Даралиев Теңіз ауылдық округіне барып, Қиғаш өзені бойындағы жағдайды талқылап, туризмді дамыту қажеттігін атап өтті.

Депутат әкім Қайсар Мақсотовпен кездесуде экотуризмді дамыту, табиғи аймақтардың қорғалуы мен тазалығын сақтау, туристерге қолайлы жағдай жасау қажеттігін көтерді.

Лотос алқабын қорғау мен туристік қызмет көрсету аясын кеңейту мәселелері де талқыланды.

Н.Даралиев экологиялық туризмді дамыту, табиғатқа зиян тимейтін жобаларды жүзеге асыру керектігін айтты.

Депутаттың пікірінше, лотос гүлдерінің сұлулығын сақтау – ортақ міндетіміз.

Түрлі ұсыныстар алдағы уақытта облыстық деңгейде қаралып, нақты шаралар қабылданатын болады.

Бұл аймақтың туризм арқылы дамуы маңызды.

По материалам: atr.kz